Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ауғанстан билігі көкнәр өндірісіне тыйым салды

 Ауғанстан аумағындағы есірткі өндіретін барлық кәсіпорындардың жұмысына тосқауыл қойылды. Ережені бұзғандар шариғат заңдары аясында жауапқа тартылады, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. 

Ауғанстан билігі көкнәр өндірісіне тыйым салды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауғанстанда билікке келген «Талибан» ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған – ред.) елдің барлық аумағында көкнәр өсіруге тыйым салды. Мұндай өкімді қозғалыстың жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзада шығарды.

Тәліптер көшбасшысының бұйрығында бұдан былай барлық ауғандыққа көкнәр өсіруге қатаң тыйым салынғаны туралы хабарланғаны айтылған.

«Талибанның» жоғарғы басшысының нұсқауын бұзғандар шариғат заңдары бойынша сотталады екен, ал табылған тыйым салынған өнімнің барлығы дереу жойылады.

Сонымен қатар, бұдан былай Ауғанстан елінде есірткінің барлық түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткісі бар таблеткалар мен алкогольді заттарды пайдалануға, тасымалдауға, сатуға, экспорттауға және импорттауға жол берілмейді.

Қазір оқып жатыр

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел

Экономист Алматыдағы автотұрақтардың құнын 1 мың теңгеге дейін көтеруді ұсынды

ақылы тұрақ

ОСК: Аккредиттелген байқаушылар саны Құрылтай сайлауына халықаралық қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді

Нұрлан Әбдіров