USD
USD
USD

Әуежай қызметкерін кепілге алған ер адам бұған дейін автобуста жолаушыны ұрғаны үшін сотталған

2024 жылы желтоқсанда оның оның бір жылға бас бостандығы шектелген.

Алматы
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Естеріңізде болса, өткен жылы Алматыда ер адам автобуста әйелді ұрып жіберген болатын. Алматы полициясы қоғамдық көлікте әйелді ұрған ер адамды ұстап, бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматы полициясы бүгін Алматы әуежайында қызметкерді кепілге алған ер адамның бұған дейін қоғамдық көлікте жолаушыға шабуыл жасаған кісі екенін растады.

Кепілге алды
видео-скрин

«Алматы қалалық полиция департаменті екі іске де бір адамның қатысы бар екенін растайды.

Бұрын хабарланғандай, қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сот тергеу барысында бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алу шарасын таңдады.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен», – делінген хабарламада.  

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек