2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Әуежайларда карантин жеңілдейді

Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов ішкі әуе қатынастарында санитарлық-карантиндік талаптар жеңілдейтінін айтты

Әуежайларда карантин жеңілдейді
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Бұған дейін ішкі авиарейстердің қайта ашылуына байланысты әуе көлігіндегі коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, талаптарды жеңілдету кезең-кезеңмен қайта қаралатыны айтылған.

Шектеу шараларын сақтау бойынша жүргізілген мониторинг енгізілген карантиндік талаптарды жолаушылар да, әуежай ғимаратында және бортта қызметкерлердің өзі де қатаң сақтайтынын көрсеткен. 

"25 мамырдан бастап әуежай ғимаратына "шығарып салушыларды жібермеу" талабы алынып тасталады, қалған санитарлық-карантиндік талаптар, әлеуметтік қашықтық, маскалық режим, күшейтілген дезинфекция және басқаларды орындалуы тиіс", - деп мәлімдеді Байғабылов.

Әуежайдың қауіпсіздік қызметі ғимаратқа кіретін әрбір адамға байланыссыз термометрия жүргізеді, сондай-ақ бәрінде маска болуы шарт.

Қатаң санитарлық-карантиндік шараларды сақай отырып, әуежай терминалында қоғамдық тамақтандыру және сауда орындары жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер