USD
USD
USD

Әуекомпания қызметкерлерін балағаттаған шетел азаматы 5 тәулікке қамалды

Шетелдік азамат ұшақ бортында құқық бұзғаны үшін 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз әуежайы
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Тараз қаласының әуежайына Дакка-Внукова бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, әуекомпания өкілдерінің актісі бойынша рейстен түсіріп алды.

Тексеру барысында көлік полицейлері Ресей Федерациясының 30 жастағы азаматын анықтады. Ер адам ұшу кезінде мас күйде болып, экипаждың талаптарын орындамаған және әуеакомпания қызметкерлерін балағаттаған. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі шеккен.

Ресейлік азамат алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды және әуе кемесіндегі тәртіп ережелерін бұзғаны үшін 23 АЕК мөлшерінде айыппұл салына отырып және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сот шешімімен шетел азаматы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 5 тәулікке қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев