Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің дайындығы тексерілді

Генарал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерінің командалық пункті мен қолбасшылық басқармасын жоспардан тыс тексерді. Тәуліктік кезекшіліктің ұйымдастырылуын қарады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің дайындығы тексерілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қорғаныс министрінің нұсқауымен жауынгерлік есептоп құрамының кезекші күштері жауынгерлік даярлыққа келтірілді. Әскердегі жағдайға жауаптылар белгіленген мерзімде елдің әуе кеңістігін қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтын жеке құрамның, қару-жарақ пен әскери техниканың әзір екенін баяндады. Бұдан өзге, кезекші күштердің өртке қарсы қауіпсіздік, өртті шартты түрде анықтау мен оқшаулау іс-қимылын ұйымдастыру барысын тексерді. Аталған тексеріс жеке құрамның жоғары қырағылық деңгейін, кезекші күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті.

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң