USD
USD
USD

Әуе компанияларының табысы 41%-ға азайды

Әуе компанияларының жылдық табысы 41%-ға төмендеді, жолаушылар тасымалы қызметі 6%-ға арзандады, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Әуе компанияларының табысы 41%-ға азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі былтырғымен салыстырғанда 19,6 млрд теңгеге - 40,8%-ға азайды. Оның ішінде жолаушылар тасымалынан түскен табыс 17,9 млрд теңге болса, жүк тасымалынан 1,7 млрд теңге кіріс кірген. Былтыр қаңтарда кіріс 33,1 млрд теңге болып, жылына 31,3%-ға артқан еді.

Биыл қаңтарда елімізде 592,1 мың адам тасымалданды, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 14,1%-ға аз. Жолаушылар айналымы жылына 38,7%-ға қысқарып, 845,7 млн жолаушы-шақырым болды.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус