USD
USD
USD

Әуе компаниялары жыл соңына дейін 84 млрд доллар шығынға батуы мүмкін

Коронавирус пандемиясы әуе-тасымалы саласына зор нұқсан келтірді. Әлемнің ірі әуе компаниялары індет салдарынан зор шығынға ұшырап, қызметкерлерін қысқартып жатыр.

Әуе компаниялары жыл соңына дейін 84 млрд доллар шығынға батуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық әуекөлік қауымдастығының болжамынша, жылдың аяғына дейін табысы екі есе азайып, 84 миллиард доллар шығынға ұшырауы мүмкін. Әуе тасымалы КОВИД-19 пандемиясынан ең көп шығынға ұшыраған сала болды. Мыңдаған компания осыған байланысты қиын жағдайға түсті. Олардың бірі Австралияда кеңсесі бар америкалық Вэрджин Оустрэлия компаниясы 3 мың қызметкерін қысқартуға ниетті. Сәуір айында қарызы 3 миллиард долларға жеткенде бұл компания «Деллойттың» сыртқы басқаруына көшті.

Кейін АҚШ-тың инвестициялық компаниясы оны сатып алуға қызуғышылық білдірді. «Вөджін Острейлия» басшылығы Австралия үкіметінен көмек сұрағанымен шетел компаниясы болғандықтан оған жәрдем көрсетілген жоқ. 

Virgin Australia компаниясының басшысы Пол Скурр: "Бұл пандемияға байланысты өте күрделі кезең. Бүгін Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты мен Австралияның астаналық аумағы және Квинсленд  штаты арасында әуе қатынасына жаңа шектеулер салынатыны белгілі болды. Мұның бәрі қашан аяқталып, вирус қашан бітетінін ешкім білмейді" деді.

  Ал Еуропаның ең ірі лоукостері «Райан Эйр» рейстерінің саны жыл басынан бері 70% азайды. Ал табысы тіпті 95% кеміді. «Эйр Франс» компаниясы да екі жарым миллиард доллар шығынға ұшырады. Ал «Джапан Эйрлайнс» компаниясының шығыны тек соңғы бірнеше айда бір миллиард доллардан асып кетті. 

Japan Airlines компаниясының басты қаржылық директоры Хидеки Кикуяма: "Төтенше жағдай алынып тасталғаннан кейін сұраныс күрт өскенін байқадық. Алайда соңғы кезде ауруды жұқтыру деректерінің артуына  алаңдап отырмыз" деді. 

   Халықаралық әуе көлік қауымдастығы өкілдерінің болжауынша, бұл сала 2024 жылға дейін қалпына келмейді. АҚШ-та вирустың өршуі және дамушы елдердегі күрделі эпидемиологиялық ахуал кері әсерін тигізіп жүр. 

 Қазақстанның әуе тасыласы да қиындықтарды бастан кешіп отыр. Азаматтық авиация комитетінің есебінше, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында халықаралық рейстердің 99% өтпей қалды, жолаушылар легі екі есе азайған. Жалпы бұл саладағы шығын 300 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Үкімет салаға қолдау көрсетіп, отандық әуе компанияларға салық жеңілдіктерін берді. 

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев