USD
USD
USD

Әуе қатынасы қайта жандана бастады

Биылғы жылдың қаңтар-наурызында әуе көлігі кәсіпорындарының кірісі 61,7 млрд теңге болды, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 69,7 млрд теңге еді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Әуе қатынасы қайта жандана бастады
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE. Дәстүрлі түрде табыстың басым бөлігі жолаушылар тасымалынан түскен – 57,5 млрд теңге. Ал жүк тасымалда түскен табыс 4,1 млрд теңгені құрады. Жалпы алғанда 2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында әуе компанияларының кірістері 2 есе төмендеген. 2019 жылдың сәйкес кезеңіндегі 403 млрд теңге болса, былтыр 187,7 млрд теңгеге тең. Ал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) деректері бойынша әлемде халықаралық жолаушылар тасымалына деген сұраныс 2020 жылы 2019 жылғы деңгейден 75,6%-ға төмен болған. Ішкі сұраныс бір жыл ішінде 48,8% құлдыраған. Сонымен қатар Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) болжамына сәйкес, авиация саласы 2021 жылы 47,7 млрд доллар табысынан қағылған (таза пайда маржасы - 10,4%). Ал биылғы жылдың үш айында Қазақстанда әуе көлігімен 1,9 млн жолаушы тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға жоғары. Сонымен қатар, жолаушылар ағыны бір жыл ішінде 11,1% -ға төмендеді. Тек наурызда 727,7 мың адам тасымалданды - бұл ақпанмен салыстырғанда бірден 29,6% -ға жоғары, ал өткен жылдың наурызымен салыстырғанда екі есеге жуық (1,8 есе) көп.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу