2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Әуе тасымалдаушылары үшін домбыраның құны көк тиын

Сапарға шыққан адам әр нәрсеге кіріптар. Бірінші кезекте мінген көлігіне, екінші – жолаушыға қойылатын талапқа. Әсіресе әуежайдың тәртібі қиын әрі түсініксіз болып келетіні бар. Кейде ешкімге кедергісі де, зияны да жоқ, әрі сыйымды бұйымды өзіңмен бірге салонға алып өте алмайсың. Себебі рұқсат жоқ.

Коллаж NEGE
Фото: Коллаж NEGE

Қолыңызға ұстап кіруге болатын бұйымды ақша төлеп багажға өткізуге мәжбүр етіп жатады. Жуырда сондай бір жағдай халық әртісі Мақпал Жүнісованың басынан өтіпті. Әншінің бас киімі мен домбырасын әуежай қызметкерлері салонға өткізбей қойған екен. Бұл оқиғаны NEGE.kz жаңалықтар порталының бас редакторы Ерік Рахым Дэйв Кэрролл деген Америка музыкантының бастан кешкен қиямет қайым хикаясымен ұштастыра келтіріп әдемі баяндапты.

Мақпал домбырасының әуежайдағы күйін күйттесе, Дэйв те дәл осындайды гитарасымен бастан кешірген екен. Бірақ Дэйв ақыры сынған гитарасы үшін қоғамды да, әуе компаниясын да дүр сілкіндіріпті. 

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы Бөкетов университетінің үш студентінен туберкулез анықталды

Бөкетов ұлттық университеті

Қытай халқы қазақ халқына ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ – Тоқаев

«Қазақстан-Қытай» инвестициялық форумы

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар