USD
USD
USD

Аудит арзан емес. «PSA» НЕГЕ жыл сайын шығынға батады?

Мұнай өндіретін ірі консорциумдарда Қазақстанның мүддесін қорғайтын «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 27,4 миллиард теңге шығын шеккенін мәлімдеді. Компания жыл сайын өзінің аудиттелген есептілігін жариялайды.

PSA
Фото: Фото: Nege.kz

Бір жыл бұрынғы шығын 24,5 миллиард теңге болған еді. Яғни компанияның жыл сайынғы шығыны ұлғайып келеді. PSA Қазақстанның мүддесін қорғайды. Бірақ операциялық бизнесі жоқ. Сондықтан серіктестік жұмыс моделі бастапқыдан-ақ шығынға негізделген. Кейіннен мемлекет осы шығынды жабу үшін жарғылық капиталды толықтырып отырады.

PSA
Фото: Nege.kz

2025 жылдың соңында компанияның қағаздағы жабылмаған шығыны 141,7 миллиард теңгеге жеткен. Ал биылғы жылдың басында Үкімет тура сол қаржыға жарғылық капиталды толтырып берді. PSA бұл ақшаны қайда жұмсайды? 2025 жылғы 27 миллиард теңгелік әкімшілік шығынның 19,6 миллиард теңгесі мұнай бойынша өнімді бөлу туралы келісімдерге қатысты заңгерлік кеңесшілер, техникалық консалтинг және аудит қызметтеріне жұмсалған.

Яғни, шетелдік компаниялар қаншалықты өнімді бөлу туралы келісімдерді орындап отырғанын соны сыртқы аудит арқылы бақылап отырады. Ал ол арзан емес. Бірақ сапалы және сауатты аудит Қазақстанға анағұрлым көп қаржы әкеледі. Өйтпеген күнде, мысалы Қашаған жобасы бойынша шетелдік компаниялар түрлі схемалардың артына жасырып, Қазақстанға тиесілі қомақты қаржыны қағып кетер еді.

PSA
Фото: Nege.kz

Қазақстан атынан өнімді бөлу туралы келісімдер бойынша өкілетті орган болып табылатын PSА қазіргі таңда Қашаған, Қарашығанақ, Дунга секілді ірі жобаларды бақылап отыр. Соңғы жылдары осы компанияның маңызы біз үшін тіпті арта түсті. Себебі Қазақстан мен халықаралық мұнай консорциумдары арасында ірі даулар көбейді.

Қашаған бойынша экологиялық айыппұл, күкірт сақтау мәселесі, өтелетін шығындар бойынша даулар бар. Қарашығанақ бойынша да шығындарды өтеу, газ өңдеу және инвесторлар міндеттемесі мәселелері әлі де өзекті болып тұр.

Мұндай жағдайда PSA-ның рөлі тек «құжат қарайтын» мекеме деңгейінде емес, мемлекеттің келіссөздік, құқықтық және техникалық қорғаныс желісіне айналады.

Жыл соңында PSA-ның активтері 1,96 миллиард теңгеден аспады. Ал міндеттемелері 4,15 миллиард теңгеге жетті. Яғни міндеттемелер активтерден асып кетті. Мұндай жағдайда меншікті капиталдың теріс мәнге түсуі заңды.

Сол себепті, 2025 жылдың соңында компанияның капиталы минус 2,19 миллиард теңгені көрсеткен.

Қазір оқып жатыр

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік

Шымкентке бағыт алған ұшақ Тараз әуежайына қонуға мәжбүр болған

Ұшақ

«Самұрық-Қазына» тобының қарызы ең көп ТОП-5 компаниясы

«Самұрық-Қазына»

Астанада талапкерлерді оқуға түсіруге уәде еткен оқытушы 3,5 жылға сотталды

Кісен