USD
USD
USD

Аудандық маслихат депуттатығына үміткер Мұрат Қосайұлы кәсіпкерлерімен жолықты

Аудандық маслихат депуттатығына үміткер Мұрат Қосайұлы Дабысов аудан кәсіпкерлерімен жолықты. Кездесу барысында кандидат «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиналыста сөз болған бағыт – кәсіпкерлікті қолдау.

Аудандық маслихат депуттатығына үміткер Мұрат Қосайұлы кәсіпкерлерімен жолықты
Фото: NEGE.kz

Санитарлық талаптарға сай өткен бас қосуда партияның алдағы  бес жылдықтағы жоспарын айтып, кәсіпкерлерге үгіт-насихат жүргізді.  Жалпы сайлауды бағдарламының негізгі басымдықтары халықтың әл-ауқатын жақсарту, шағын және орта бизнесті дамыту, ауыл шарауашылығы саласының тұрақты дамуын жүргізуге құрылған.

Кандидат өз сөзінде сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын атай келіп, пандемияның тигізген әсеріне тоқталды. Шыны керек, әлемді жайлаған коронавирус індеті барлық саланың тұрақты  дамуын тежеді, оның ішінде бизнес саласы айтарлықтай төмендеп кетті. Осы бағытта партия кәсіпкерлікті қолдау бағытын қарастырып отырған сыңайлы. Халықтың табысы азайып, жұмыссыз азаматтар қарасы көбейген сәтте бизнес нүктелерін қалпына келтірумен қатар, «Атамекен» ҰКП-мен бірге жаңа бағытты құру үшін жағдай жасалмақ.

Жалпы Байғанин ауданы бойынша 892 кәсіпкер бар, оның ішінде жұмыс жасап тұрғаны 723 кәсіпкер. Атап айтқанда: жолаушы тасымалы 101 кәсіпкер болса, жүк тасымалы саласында 11, монша 6 кәсіпкер, пәтер жалдау 25, наубайхана 5 , алкоголь өнімін сатуға рұқсаты барлар 32 кәсіпкер жұмыс жасайды. Ауыл шаруашылық бағытында 92 кәсіпкер, сауда саттық 196 кәсіпкер, басқа 175 кәсіпкер, фотовидео салон 5 , ателье 9, дөңгелек жөндеу 4, аптека 3 кәсіпкер , шаштараз 11 , ұялы телефон жөндеу 3 , құрылыс жұмыстары 4, жихаз, пластикалық терезе , бұйымдар т.б. 3 кәсіпкер, Шайхана, кафе 10 кәсіпкер, тойхана 5 кәсіпкер , 1 нотариус, 1 ветеринарлық дәріхана, 3 техникалық қызмет көрсету орталығы , 1 көлікке газ қондыру цех, 352 шаруа қожалық, 13 ауылшаруашылық кооперативтер тіркелген екен.

«Ауданда бизнес ашу жолға қойылған. Халықтың сұранысына сай кәсіпкерлерде нәтижелі жұмыс жасайды», – дейді кандидат.

Партияның міндеті – жұмыс орындарының жеткілікті санын құру, бұл жұмыссыздықты 4,8 % деңгейінде сақтауға және 2025 жылға қарай орташа жалақыны кемінде 215 мың теңгеге дейін арттыруға мүмкіндік беретінін де назарда ұстады.

Осы айтылған мәселелер бойынша үміткер «Nur Otan» партиясының алдыға қойған міндеттерін санамалап жеткізді. Оның ішінде жыл сайын кемінде 700 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отырғанын баса айтып, 300-ге жуық жұмыс орнына қуаты жылына 1,8 млн тонна цемент өндіру зауытын салу жоспарланып отырғанын көрінеді. Сонымен қатар 900-дей тұрғынды жұмыс орындарына орналастыру туралы меже қойылып отыр.

Жыл сайынғы дәстүрлі кәсіптік оқытумен кемінде 7-ге жуық адам және қысқа мерзімді оқытумен (3 айға дейін) кемінде 130 - дан адам еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, бұл коронавирустық пандемиядан жұмысынан айрылған кадрлар тапшылығын шешуге жағдай жасап беретінін жеткізді.

Кандидаттың айтуынша, шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында жылына кем дегенде жиырмадай кәсіп нысанын ашу көзделіп отыр екен. Осының аясында «БЖК-2025» бағдарламасы бойынша жыл сайын жобаларды қаржыландыруға бет бұрмақ. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «2017-2021»  жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жыл сайын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кемінде отызға жуық грант және жетпістей микрокредит бөлуге жұмсалады дейді. Егер үстіде аталған шаралар жүзеге асса, 3,5 мыңға жуық жұмыс орнын құруға, оның ішінде бос орындарға кемінде 4,5 мың адамды жұмысқа орналастыруға мүкіншілік қарастылымақ екен.

Кандидат «Nur Otan» париясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру барысында халықтың әл-ауқатын көтеру үшін де жұмыстар атқарылатын айтты. Себебі бұл мәселе – қоғамда өте өзекті. Аудан тұрғындарының барлығы ауылдық жерде тұратындықтан, партия бұл жағдайда ауылшаруашылығына жақсы көңіл бөледі.

Бұдан басқа жылдағы үрдіс бойынша ауданда инвестицияларды тиімді салу, өндірісті заманауи жабдықтармен жарақтандыру, жаңа технологияларды енгізу есебінен жоғары технологиялық агроөнеркәсіптік кешенді құру бойынша жұмыс жалғасын табатын болады.

Мұрат Қосайұлы жоғарыда келтірілген жұмыстар бойынша партия алдағы уақытта нақты жұмыстар істейтінін алға тартты. Оның ішінде ауданда кемінде 6 инвестициялық жоба іске асуы қажет . Оларға да тоқталып өтті: қатарында сүт өңдейтін зауыт, наубайхана, бие сүтін өңдейтін, ет өңдейтін цехтар және асыл тұқымды қой репродукторларын ұйымдастырулар бар екен.

Ауданның негізгі дамуы – ауылшаруашылығы болғандықтан, бұл салаға да айтарлықтай қолдаулар бар.  «Ауылшаруашылығын дамыту – басты назарда» деген кандидат халықтың жағдайын жақсарту үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын кемінде 5 жобаны іске асырмақ. Әрі ауылшаруашылығын цифрландыру жүзеге асырылуы әдбен мүмкін. Одан бөлек ІҚМ санын 39 мыңнан 48 мың басқа дейін ұлғайту және асыл тұқымды ІҚМ басын 917-ден 3500 басқа дейін, асыл тұқымды ұсақ мал басын 4147-ден 7800 басқа дейін арттыру жоспарда негізделген екен. Партияның сайлауалды бағдарламасында Қарауылкелді, Жарлы ауылындағы Әулие, Қаракез бөгеттерін салу және 2023 жылы бөгеттерді қалпына келтіру есебінен суармалы жерлер алаңын 80 гектардан 90 гектарға дейін көбейту ұсынылған.

Және бір жоспарда ауыл шаруашылы өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл сайын көптеп жәрмеңкелер өткізу. Сонымен қатар ауылшаруашылығының дамытудың шараларының бірі машина-трактор паркін жаңарту үшін жыл сайын кемінде 5 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жоспарланыпты.

Негізінен биылғы жылы «Бастау бизнес» жобасымен  Атамекен кәсіпкерлік палатасына 140 жолдама алып, оқуға жолданды. Қазіргі таңда бірінші топ бойынша 36 адам сертификатқа ие болды. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы, атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға 42 адамға қайтарымсыз грант алды.  Бұл да бір кәсіпкерлікке ең үлкен қолдау екені даусыз.

Баяндаманы толық таныстырған кандидат Мұрат Дабысов жеке кәсіпкерлер өздерінің сауалдарын жолдап, пікір алмасты. «Nur Otan» партиясының қолдауымен бірге алдағы жылдарда кәсіпкерлік саласының даму қарқыны жоғары болатынына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы сайлау қоры қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.