USD
USD
USD

Аудан әкімдерінің тікелей сайлауы 2024 жылы өткізілуі мүмкін

Президент өзін-өзі басқару тәжірибесін дамыту және жергілікті деңгейдегі сайлау институтын нығайту мәселесін де айналып өткен жоқ.

Аудан әкімдерінің тікелей сайлауы 2024 жылы өткізілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұның бәрі ауылда, ауданда тұратын әрбір жан өзінің және отбасының болашағына өзі жауапты екенін сезіну үшін қажет екенін айтты.

«Мен былтырғы Жолдауымда Үкіметке Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырдым. Тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл құжаттың жобасын Реформалар жөніндегі жоғары кеңес алдағы уақытта қарайтын болады», – деді Президент.

Сонымен қатар екінші жартыжылдықта мәселені кейінге ысырмай, тиісті заң жобасын дайындауға кірісуді тапсырды.

«Келесі маңызды қадам – аудан әкімдерінің тікелей сайлауы. Мен бұл сайлауды 2024 жылы өткізу керек деп санаймын. Осы бастама елімізді демократияландыруға және жергілікті басқару институтын нығайтуға елеулі үлес қосады деп сенемін», – деді Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл