USD
USD
USD

Ауа-райы құбылып тұр

2019 жылы 18 желтоқсанда Ақмола облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды. Бұл жайында "Қазгидромет" РМК өкілдері хабарлады.

Ауа-райы құбылып тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, Ақмола облысында тұман түсіп, боран соғады. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан және Қызылорда облыстарында да қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді. 

Сондай-ақ, 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай, Қызылорда, күндіз Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп болжанады. 

Сондай-ақ, Жамбыл және Түркістан облыстарында тұман түсіп, жел тұрады. Қарағанды, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. ШҚО-да жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз Жалаңашкөл ауданында жел секундына 18-23 метрге дейін күшейеді.

Нұр-Сұлтанда 18 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады деп күтіледі, ауа температурасы минус 8-13 градусқа дейін төмендейді. Күндіз қар жауады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз ауа бір градусқа дейін жылынады. Кешке қар жаууы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары