USD
USD
USD

Ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша 02-04 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қатты нөсерден кейін салқын ауа массаларына толы Солтүстік антициклон басымдыққа ие болады.

Ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, аспанда бұлттар көбейеді, жаңбыр жауады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, тіптен қатты жаңбыр жауады.

Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, республиканың солтүстігінде тұманды болады. Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +28 +33°С, оңтүстік-батыста +33 +38°С, солтүстік-батыста +18 +28°С. Солтүстікте, шығыста және республиканың орталығында түнде термометрлер +7 +12°С дейін төмендейді, күндіз негізгі фон +17 +28 °С-ты, елдің оңтүстігінде болса +25 +34°С-ты құрайды. Ал оңтүстік-шығыста +30 +35-тан +25 +30°С-қа дейін төмендейді, таулы аудандарда +22°С болады. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт