USD
USD
USD

Ауа райына қатысты республикалық трассалардың 25 учаскесі жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.

Ауа райына қатысты республикалық трассалардың 25 учаскесі жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қар мен жаңбыр, қатты жел салдарынан республикалық трассалардың 25 учаскесінде жол қозғалысына уақытша шектеу қойылды.

Бұдан бөлек Ақмола, Абай, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында автожолдар жабылды.

«Республикалық трасасалардың жабылуы туралы ақпаратқа құлақ асып, жабылған жолдарға шықпауларыңызды сұраймыз! Ауа райының жақсарғанын күту қажет. Штаттан тыс жағдайлар болған кезде 1403 нөміріне хабарласыңыздар. Колл-центр тәулік бойы жұмыс істейді. Жолдарды қардан, көктайғақтан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген компания хабарламасында.

Ведомство хабарлауынша, жабық учаскелердің жалпы ұзындығы 2253 шақырымды құрайды. Бұл республикалық жолдар желісінің шамамен 9%-ы. Желіде 430 бірлік арнайы техника мен 500 маман жұмыс жасауда.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе