USD
USD
USD

Ауа райына байланысты жолдар жабық

Республикалық маңызы бар тасжолдардың үш учаскесі ауа райының қолайсыздығына байланысты әлі де жабық тұр, –  деп хабарлайды «ҚазАвтожол» ҰҚ баспасөз қызметі.  

Ауа райына байланысты жолдар жабық
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш учаскеде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды: Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, 15-105 шақырым (Белоусовка-Риддер) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін) Өскемен Шемонаиха-РФ шекарасы, 15-105 шақырым (Глубокое-Шемонаиха) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін) Семей-Кайнар, 8-144 шақырым (Семей-Саржал) (тіркемесі бар жүк көліктері үшін) Республикалық маңызы бар автожолдарда 773 бірлік техника жұмылдырылған.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақтарыңыз бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуларыңызға болады.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан