USD
USD
USD

Ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші қамауға алынды

Қарағандылық полицейлердің заңды талабына бағынбай, ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші сот шешімімен әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауа райына байланысты жабылған жолға шығып кеткен жүргізуші қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облыстық ПД Балқаш қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері заңды талапқа бағынбай, тәртіп сақшыларының жұмысына кедергі келтірген 31 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Оқиға ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы – Екатеринбург тас жолының жабылған кезінде болған. Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылды.

Әкімшілік материал оның тұрғылықты мекенжайы бойынша соттың қарауына жіберілді. 13 қаңтар күні Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен азамат әкімшілік қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС

«Мұраң мәңгі жасайды»: Головкин Криштиану Роналдуға үн қатты

Головкин және Роналду