USD
USD
USD

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 4 шілде күні бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз басым бөлігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, орталығында бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болжанады.

Ақтөбе облысының түнде орталығында, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды.

Атырау облысында батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндіз найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Шымкентте күндіз солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, дауыл соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

 

Қазір оқып жатыр

Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқушы қабылдау саны қысқармайды – министр

қымбат сыйлық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің әкесі жаңа тау-кен холдингін құрды

Махмұд Қасымбек

Қырғызстандағы «Бішкек-Арена» стадионын салуға 386 млн доллар жұмсалған

стадион құны

Қызылордадағы шағын тоннажды мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

мұнай өңдеу зауытындағы өрт