Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады.
Алматы, NEGE. Қазгидромет мәліметтеріне қарағанда, 2 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, шығысында шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жылдамдықпен жел күтіледі.
Ақтауда шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде 2 мамырда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде - 3 градусқа дейін аяқ болады.
Орал қаласында түнде топырақ бетінде 3 градус шамасында үсік жүреді.
Ақмола облысының солтүстік жартысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 23 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
Көкшетау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік жүреді.
2 мамырда Павлодар облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік жартысыңда жел солтүстік –батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Павлодар қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
2 мамырда күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Шымкент қаласында 2 мамырда кешкісін найзағай ойнап, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістанда 2 мамырда түстен кейін найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.