USD
USD
USD

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 26 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 
Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz
 

Алматы, NEGE. 26 қыркүйекте Қостанай облысында> шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде 23-28 м/с.

Алматы облысының> солтүстігінде 2 °С үсік сақталады.
 
26 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстік аудандарында шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
 
Атырау облысында> солтүстік-батыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз батыста 15-20 м/с болады.
 
Батыс Қазақстан> облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
 
26 қыркүйекте Қызылорда облысының> орталығында күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
 
Күндіз 26 қыркүйекте Маңғыстау облысының> солтүстік-шығысында шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
 
26 қыркүйекте Қарағанды облысында> оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
 
Нұр-Сұлтан> қаласында 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді.
 
Ақтөбе облысында> желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі.
 
Түнде және таңертең Ақмола облысының> оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан жел соғады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт