Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің көп аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды.

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметтеріне сәйкес, 16 тамызда Ақтөбе облысында найзағай, дауыл болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау, Түркістан облыстарында найзағай болып, секундына 20 метрге жететін жел көтерілуі ықтимал. Кей жерінде өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында күндіз найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Нұр-Сұлтанда ертең күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Қостанай облысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерінде найзағай, тұман, дауыл болып, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында найзағай, жел және шаңды дауыл болуы мүмкін. Күндіз өрт қаупі өте жоғары. БҚО-ның солтүстік-батысында найзағай және жел болуы ықтимал. 

Ақмола облысында найзағай болады, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Жамбыл облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жаууы ықтимал.

Оңтүстік-батыстан соққан жел кейін солтүстік-батысқа ауысады да, жылдамдығы 15-20 м/с болады. 16 тамыз күні жел жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін. СҚО-ның кей жерінде найзағай, дауыл болып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей ауданында тұман түсіп, жел көтеріледі.

Қазір оқып жатыр

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы