USD
USD
USD

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қазгидромет 14 наурызда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақтөбе облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Шығыстан және солтүстік-шығысынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында 14 наурызда күннің соңында қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

14 наурызда Павлодар облысының оңтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық