USD
USD
USD

Ауа райы: Жаңбыр жауып, қарға ұласады

Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын, қар жауады. Оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, солтүстігінде, орталығында және шығысында көктайғақ болады.

Ауа райы: Жаңбыр жауып, қарға ұласады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Қазгидромет» ауа райын болжау орталығы мәлімдеді. Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, ШҚО-ның солтүстігінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады. Облыстың басым бөлігінде жел секундына 15-20, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл облысында тұман, көктайғақ болады. Облыстың батысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында секундына 15-20, екпіні 25 метрге дейін жел соғады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түсіп, облыстың солтүстігінде және орталығында жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

СҚО-да көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, БҚО-ның шығысында көктайғақ болып, басым бөлігінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді.

Күндіз Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында және солтүстік-шығысында секундына 5-20 метр жылдамдықпен шаңды жел мен дауыл соғады.

Қазір оқып жатыр

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік