Ауа райы: Шаңды дауыл, жаңбыр, найзағай
Қазгидромет 7 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Елдің солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс бөлігі антициклонның ықпалында болады.
Алматы, NEGE. Ал республиканың батысы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы оңтүстік циклон жырасының ықпалы әсер етеді. Мұнда фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, батыста, орталықта тұман, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, оңтүстігінде, таулы аймақтарда – найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз Алматы облысының батысында, шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Түркістан облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман болады. Түнде Атырау облысының шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с, күндіз шаңды дауыл күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ болуы ықтимад. останай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең оңтүстік-батысында тұман түседі. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман, күндіз оңтүстік-шығысында найзағай жарқылдайды. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жел 15-18 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында желдің жылдадығы 15-20, кей уақытта 25 м/с жетеді.