USD
USD
USD

Ауа райы: Минус 28℃-қа дейін аяз болады

Қазгидромет алдағы үш күнде Қазақстанда қатты жауын-шашын болады, термометр -28 градусқа дейін төмендейтінін мәлімдеді.

Ауа райы: Минус 28℃-қа дейін аяз болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында қалады, осыған байланысты ауа райы аязды, көбіне жауын-шашынсыз болады.

"Түнде термометр бағаны 20...28 градус аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, жел күшейіп, көктайғақ болады және ауа температурасы күндіз 0...+10 градусқа дейін, түнде 0...-10 аязға дейін төмендейді деп болжанып отыр", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер республика бойынша тұман түсуі мүмкін екенін ескертті.

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet