USD
USD
USD

Ауа райы құбылып тұр

Бүгін Қазақстанның басым облысында тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

Ауа райы құбылып тұр
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады, кей жерлерде қар жауады, жаяу бұрқасын соғады, тек батысы мен шығысында жел күшейеді, орталығында – көктайғақ. Кей жерлерде тұман түседі», – делінген хабарда.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз -7-9, түнде -13-15.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -5-7, күндіз 1-3.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы күндіз +1+3, түнде -10-12.

Қарағанды облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі, түнде кей жерлерде көктайғақ. Күндіз -5-10, түнде -11-16.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз -2-7, түнде -10-15.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 23 м/с жетеді. Күндіз +2+7, түнде 0-5.

Ақмола облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде –13-18.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -15-20.

Қызылорда облысында да кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -4+1, түнде -7-12.

Атырау облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1+4, түнде -5-10.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -4+1, түнде -10-15.

Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -12-17.
Қостанай облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -3-8, түнде -12-17.

Солтүстік Қазақстан облысында да кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз -5-10, түнде -12-17.

Павлодар облысында кей жерлерде аздаған қар жауады, тұман түседі. Күндіз -7-12, түнде -12-17.

Алматы облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман түседі. Күндіз -1-6, түнде -5-10.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -1+4, түнде -7-12.
«Алдағы күндері республиканың шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы өзендерде мұз қату ары қарай жалғасады, жекелеген өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін», – дейді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Крокус сити холлдағы терракт

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

Мемлекеттік тіл