USD
USD
USD

Ауа райының қолайсыздығы: қаза тапқандар неше?

 Өткен аптада елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 1000-нан аса көлік жолда тұрып қалып, 104 жол апаты болып, салдарынан 39 адам қаза тапқан. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысы барысында айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райының қолайсыздығы: қаза тапқандар неше?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 өңірде жолдар жабылды – Түркістан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, СҚО және тағы басқа облыстарда. 16-22 желтоқсан аралығында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 39 адам қаза тауып, 158 адам түрлі дене жарақатын алған», –  деді министр. Тұрғымбаевтың айтуынша, БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралған хабарламаларға қарамастан, жүргізушілер қауіпті аумақтарға жолға шықты. «Алматы облысындағы Алматы-Шынжар автожолында MAN жүк көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жолдағы қозғалысты тоқтатқан. Нәтижесінде көлік кептелісі болып, 15-ке жуық жүк көлігі жолда тұрып қалып, салдарынан екі көлік жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапқан, тағы екі адам жарақат алған. Мұндай жағдай Ақтөбе облысында да болды, онда 12 көлік жол апатына ұшырады», – деді ішкі істер министрі.  

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама