USD
USD
USD

Ауа райы болжамы: Жел, жауын, найзағай

 Қазгидромет 15 cәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады. 

Ауа райы болжамы: Жел, жауын, найзағай
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әлі де, республиканың басым бөлігіне антициклон жотасы ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады. Тек республикамыздың оңтүстік және оңтүстік батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік және оңтүстік-батыста жел шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл күтіледі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында тұман болады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, түнде Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Алматы облысының Алакөл өзенінің аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті