USD
USD
USD

Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді

ҚазАвтоЖол үш облыста жолдардың жабылғаны туралы шұғыл мәлімдеме жасады.

Жол
Фото: maqat-tynysy.kz

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 29 желтоқсан сағат 23:00-де Қызылорда облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Самара-Шымкент» автожолының 1357-2055 шақырым аралығында (Арал қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. 

Жолдың қайта ашылуы 2024 жылғы 30 желтоқсан сағат 08:00-ге жоспарланған.

Сонымен қатар, 29 желтоқсан сағат 23:00-де ауа райының нашарлауына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда да көлік қозғалысына шектеулер енгізіледі:

Қызылорда облысы: 

«Қызылорда-Павлодар» автожолының 12-216 шақырым аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Ұлытау облысының шекарасына дейін);


Түркістан облысы:

«Самара-Шымкент» автожолының 2055-2095 шақырым аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Түркістан қаласына дейін);


Ұлытау облысы:

 «Қызылорда-Павлодар» автожолының 216-424 шақырым аралығында (Қызылорда облысының шекарасынан Жезқазған қаласына дейін).

Жүргізушілерге жолға шықпас бұрын жағдайды тексеріп, сақтық шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Қазір оқып жатыр

Air Astana-ның Дубайға ұшатын рейстері қайта тоқтайды

Air Astana

Қазақстандық мамандар қазақша дубляж жасайтын ЖИ ұсынды

ISSAI

Құрылтайдағы әйелдер рөлін тек квота бойынша бағаламау керек – Women in Tech Kazakhstan басшысы

Әсем Болатжан

«Семей орманындағы» өрт: Бектенов екі министрді шұғыл түрде Абай облысына жіберді

өрт