Ауа райына байланысты ескерту жасалды

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады.
Алматы, NEGE. Алматы облысында жаңбыр, күндіз облыстың оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Алматы қаласында жаңбыр, күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с жетуі ықтимал. Қонаев қаласында 24 наурызда жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с барады.
24 наурызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с жетуі мүмкін.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
Атырау облысының оңтүстік жартысында жаңбыр күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең кей уақытта жаңбыр күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с жетуі мүмкін. Талдықорған қаласында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.
Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жетеді. Семей қаласында күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Астана қаласында түнде және таңертең қар, тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетуі мүмкін. Көкшетау қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді. Өскемен қаласында 24 наурызда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында жаңбыр, таңертең және күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қаласында кей уақытта жаңбыр, тұман, күндіз найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Түнде бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавл қаласында түнде жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының шығысында, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтау қаласында түнде және таңертең қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.
Қостанай облысында түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с жетеді. Шымкент қаласында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с барады. Түркістан қаласында 24 наурызда кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с барады. Павлодар қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.