USD
USD
USD

Ауа райы болжамы: Қар жаууы мүмкін

«Қазгидромет» РМК 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ауа райы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік өңірлерінде күн бұлтты болады. Петропавл мен Қостанайда – жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде +1…+4°С, күндіз +5…+13°С шамасында. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, күндіз +7…+9°С. Павлодарда жаңбыр күтіледі, сынап бағаны +9…+11°С-қа жетеді. Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз жел күшейеді, ауа +10…+12°С болады.

Орталықта – Қарағанды мен Жезқазғанда ауа райы құбылмалы. Қарағандыда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күндіз +15…+17°С. Жезқазғанда жауын-шашынсыз, +17…+19°С.

Шығыс өңірлерінде, яғни Өскемен мен Семейде жаңбырсыз ашық күн болады, температура күндіз +22…+27°С-қа дейін көтеріледі.

Батыста бұлтты ауа райы сақталады. Оралда күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін, түнде +3…+5°С, күндіз +13…+15°С. Атырауда жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз +16…+18°С. Ақтөбе мен Ақтауда да күн ашық, ауа температурасы түнде 0…+10°С аралығында, күндіз +13…+18°С.

Оңтүстік өңірлерде жылы әрі жауын-шашынсыз күн күтіледі. Таразда +28…+30°С, Шымкент пен Түркістанда+29…+31°С, Қызылордада +24…+26°С.

Ал Қонаев, Талдықорған және Алматы қалаларында да күн ашық, ауа температурасы күндіз +25…+29°С, түнде +5…+16°С аралығында болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай