USD
USD
USD

Аю атқан күдікті ұсталды

Әлеуметтік желіде өлген аюмен фотоға түскен белгісіз азаматтың фотосы қызу талқыға түскен еді. Жетісу облысының полицейлері күдіктіні анықтағанын хабарлады.

Аю атқан күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Талдықорған, NEGE. «Жетісу облысының полицейлері атылған аюмен суретке түскен ер адамды анықтағанын хабарлаймыз. Белгілі болғандай, фотосурет осы жылдың қыркүйек айында Ескелді ауданының тауларында түсірілген. Суреттегі адам 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адам ұсталып, аудандық полиция бөліміне айғақ беру үшін жеткізілді.

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 337-бабына сәйкес "Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған" жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеуді облыстық Полиция департаменті бақылауға алды», – деп хабарлады облыстық полиция.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда алтын өндіру көлемі 11%-ға азайды

алтын өндірісі

Hyundai өрт шығуы мүмкін деген қауіппен 95 мыңға жуық Genesis көлігін кері қайтаруда

автокөлік

Қатардан – инвестиция, Каспийге – қорған, экология: Тоқаев халықаралық кездесулерде не айтты?

Қасым-Жомарт Тоқаев

Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, үңгуші қаза тапты

Жұмысшы қазасы