USD
USD
USD

Аю атқан браконьер ұсталды

Өскеменде аю атқан браконьер ұсталды. 

Аю атқан браконьер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары өңір аумағында табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу мақсатында «Браконьер» жедел алдын алу шарасын жүргізуде.

Шара барысында полиция қызметкерлері Тарханка ауылының маңында мылтықпен аю атып өлтірген Өскемен қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Етті өзіне қалдырған күдікті аюдың табанын сатып жібермек болған.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабына (Заңсыз аң аулау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын мөлшері анықталуда. Күдікті 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Жедел алдын алу шарасы басталғалы бері барлығы 360-тан астам рейд өткізіліп, табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 605 фактісі тіркелді. Сонымен қатар 10 браконьер ұсталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе