USD
USD
USD

Аттракционнан 8 бала құлап кетті

Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аттракционда әткеншектен сегіз бала құлап кетті.

Аттракционнан 8 бала құлап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 мамыр күні кешкісін болды.

«Жедел жәрдем сағат 19.36-да шақырылды. Барлығы 8 бала зардап шекті. Алдын ала мәліметке қарағанда, 2014 жылғы қыз баланың денесі, жіліншігі көгерген. 2016, 2013, 2011 және 2012 жылғы екі ұл, сондай-ақ 2012, 2013 жылғы қыз балалар жабық бас-ми жарақатын алып, милары шайқалған. Оған қоса 2011 жылғы ұл баланың жіліншігі сынған. Бәрі де облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.