USD
USD
USD

Аттестациядан өту үшін мұғалімдерден ақша жинаған – БҒМ

Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдер арасында жанжал туындады.

Аттестациядан өту үшін мұғалімдерден ақша жинаған – БҒМ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аймақтағы балабақшалардың бірінде меңгеруші мемлекеттік аттестациядан өту үшін әріпетестерінен ақша жинаған. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Мекеме меңгерушісі қызметінен босатылған.

«24 тәрбиешіден балабақша меңгерушісінің мемлекеттік аттестациядан өту үшін ақша жинағаны туралы арыз келіп түсті. Қазір бұл мәселені жауапты органдар қарауда. Білім бөлімінің басшысының сөзінше, мекеме меңгерушісіне бұған дейін екі рет сөгіс жарияланған», – деді Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру бөлімінің басшысы Сәуле Балтабаева. 

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің дерегінше, мұғалімдер ұжымынан түрлі себептерге байланысты ақша жинау туралы анонимді арыздар келіп түседі екен. Бұған дейін құқық бұзушылықтар жайлы Түркістан және Алматы облысының мұғалімдері хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым