USD
USD
USD

ATP 250 Almaty Open турнирінің алғашқы wild card иелері анықталды

Алматыда өтетін ATP 250 турнирінің ұйымдастырушылары wild card иелерінің есімін жариялады, деп жазады федерацияның баспасөз қызметі.

Almaty Open турнирі
Фото: ҚТФ

Алматы, NEGE. Тимофей Скатов пен Бейбіт Жұқаев жекелей сында негізгі кезеңге арнайы шақырту алды.

Әмір Омарханов іріктеудің wild card иегері атанды. Жұптық ойынның негізгі кезеңінде Александр Шевченко - Тимофей Скатов және Денис Евсеев - Бейбіт Жұқаев ойнайды

Денис Евсеев (Алматы), Бейбіт Жұқаев (Ақтау) және Әмір Омарханов (Қарағанды) - қазақстандық теннис мектебінің түлектері, ал Тимофей Скатов Петропавлдың тумасы.

Қазақстанның оңтүстік астанасында 13-20 қазан аралығында ATP 250 Almaty Open турнирі өтеді.

Әлемдік теннис жұлдыздары арасынан Фрэнсис Тиафо (15 ATP), Себастьян Корда (16 ATP), Алехандро Табило (22 ATP), Артур Фис (24 ATP), Карен Хачанов (27 ATP), Флавио Каболли (32 ATP) , Томас Махач (34 ATP), Адриан Маннарино (44 ATP) және тағы басқа теннисшілер жарысқа қатысуға өтініш беріп үлгерді. Қазақстанның намысын Александр Бублик, Александр Шевченко, Михаил Кукушкин және Александр Недовесов қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Ресейлік рэпер NAVAI Қазақстаннан шығарылды: оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Наваи Бакиров

«Әлсіз кезімізде жасаған келісімдерді сақтауымыз керек»: экономист мұнай жобалары туралы

Decaf

Алматыда үш жоғары оқу орнын бомба қойылғаны туралы хабарлама дүрліктірді

Халықаралық бизнес университеті

Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының милфа туралы бейнебаяны желіде дауға қалды

Дильназ Ахмадиева