16 Желтоқсан 15:56
...

Алматы көш басында: ал қай өңірдің әкімдігі аутсайдер?

gov.kz
Фото: gov.kz

Экономист Олжас Худайбергенов аға серіктесі болып табылатын Center for Strategic Initiatives компаниясы Қазақстан өңірлерінің 2025 жылдың 2-тоқсаны бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызмет тиімділігін көрсететін жаңартылған рейтинг ұсынды.

CSI-дің Telegram-дағы арнасында жарияланған рейтингте есептеу әдістемесі, көрсеткіштер тізімі және бағалау алгоритмі өзгеріссіз қалғаны атап өтілген.

«2025 жылдың 1-тоқсанының қорытындыларымен салыстырғанда, рейтинг көшбасыларының позициялары айтарлықтай өзгерген жоқ: алғашқы жетілік құрамын сақтады, тек олардың өз ішіндегі орындары қайта қаралды», – дейді сарапшылар.

Рейтинг бойынша, Алматы қаласы 80,41 балл жинап, бірінші орынды сенімді түрде сақтап қалды. Астана қаласы төртінші орыннан екінші орынға көтерілді (77,28 балл). Ақмола облысы республикалық олимпиада жүлдегерлері саны бойынша көрсеткішін айтарлықтай жақсартқанның арқасында алғашқы үштікке еніп, бесінші орыннан үшінші орынға шықты.

Center for Strategic Initiatives
Center for Strategic Initiatives

Шығыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар қылмысының төмендеуіне байланысты жетінші орыннан төртінші орынға көтеріліп, үш позицияға алға жылжыды. Қарағанды облысы негізгі индикаторлар бойынша тұрақты, бірақ бірқалыпты өсім көрсетіп, бесінші орынды иеленді.

Павлодар облысы үш саты төмендеп, алтыншы орынға түсті. Солтүстік Қазақстан облысы бірқатар көрсеткіштердің нашарлауына байланысты екінші орыннан түсіп, алғашқы жетілікті аяқтады.

Көшбасшыларға жақын орналасқан Қостанай және Жамбыл облыстары да екі позицияға көтерілді — бұл өңірлердегі халықтың күнкөріс деңгейінен төмен табысқа ие үлесінің азаюымен байланысты. Оң динамика Маңғыстау, Ұлытау, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында да байқалады.