USD
USD
USD

Атқа міну мәдениеті жанданып келеді

10-12 қаңтар аралығында «Киелі Қазақстан» экспедициясы мүшелері Павлодар облысына жиналды. Аталған экспедицияның мақсаты – жылқыны қолға үйрету мәдениетін дәріптеп, ішкі туризмді насихаттау.

Атқа міну мәдениеті жанданып келеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шараға тәжірибелі шабандоздар, құсбегілер, тревел-блогерлер мен тілшілер, фотографтар және видеооператорлар қатысты.   

Экспедицияның алғашқы күні қатысушылар Сәтбаев ауылынан Далба тауының етегіне дейін жетіп,  Бұқар жырау жерленген ұлы абыздың кесенесін аралады. Әрі қарай, «Имантайұлы Сәтбаев» кесенесі мен «Теңдік» кесенелеріне де жаяу бет алды. Осылайша, атқа мінген саяхаттаушылар экспедицияның алғашқы күні 60 шақырым жолды жүріп өтті.

Ал, екінші күні, экспедиция мүшелері Қ.Сәтбаев ауылында мектеп оқушылары мен ауыл жастары арасында ертеден келе жатқан ұлттық ат спорты ойындарын ұйымдастырды. Жасөспірімдер атқа мінуге машықтанып, асау жылқыны жүгендеу, міну, жегу тәсілдерін үйренді. 

«Атқа міну мәдениеті – қазақ халқының қанына сіңген, өмірлік серігіне айналған үрдіс. Экспедиция жасөспірімдер арасында ұлттық ат спортын насихаттап, жаңа туристік бағыттарды жасау және туған жерімізді зерттеуге ықпал етеді. Экспедиция нәтижесінде еліміздің табиғи нысандары бойынша жаңа туристік бағыттар, сапалы фото және видеолар жасақталмақ, Сондай-ақ, иллюстрацияланған жолнұсқа да жасалатын болады», – деді Ат-TRAVEL клубының жетекшісі Берік Ақылбеков. 

Экспедиция «Жабағы» жарысы мен «Теңге алу» сайыстарына қатысып, үздік атанған  жасөспірімдерді марапаттау рәсімімен қорытындыланды.

Айта кетейік, «Киелі Қазақстан» экспедициясы «Kazakh Tourism» ҰК мен «QazaqGeography» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 3-мәрте жүзеге асып отыр. Мұнан алдын саяхатшылар Ақмола, Павлодар облыстары мен Бұйратау, Баянауыл ұлттық парктерін жүріп өткен болатын.
 

Қазір оқып жатыр

Павлодар облысында «Газель» мен «Камаз» соқтығысып, бір адам мерт болды

Көлік апаты

20 жастағыларға жеткіліктілік шегі неге 6,6 млн теңге деп белгіленген?

БЖЗҚ

Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде

Жетісу

Жастар саясаттан алыстады ма, әлде саясат жастардан алыстады ма?

.