USD
USD
USD

Аты-жөніңізді ХҚО арқылы қалай өзгертуге болады?

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының өкілдері «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметіне өтінішті ХҚО арқылы қалай рәсімдеу керектігін түсіндіріп берді.

Аты-жөніңізді ХҚО арқылы қалай өзгертуге болады?
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE.  ҚР әрбір азаматы атын, тегін және әкесінің атын өзгертуге құқылы. Оған кез-келген себеп болуы мүмкін: біреулер отбасылық жағдайына байланысты өзгертіп жатса, басқалары – жеке көңіл қалауымен.⠀

Аты-жөніңізді, сонымен қатар азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу қызметін eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы рәсімдеп, уақытты үнемдеуге болады. Сондай-ақ, сіз бұл қызметті АХАЖ бөлімдері мен жергілікті әкімдіктер арқылы да рәсімдей аласыз.⠀

Жеңілдігі бар жекелеген санаттағы азаматтар мемлекеттік баж төлемінен босатылады. Қызмет көрсету мерзімі – 5 жұмыс күні.⠀

2021 жылдың басынан бастап Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аты-жөнің өзгерту үшін 3 мыңға жуық өтініш қабылданды.

Қажетті құжаттар тізімі:⠀

– белгіленген үлгідегі өтініш;⠀

– жеке басын куәландыратын құжат;⠀

– 2 дана 3*4 өлшеміндегі фотосурет.⠀

Мелекеттік баж көлемі:⠀

– аты-жөнін өзгертуді тіркеу – 2 АЕК ⠀

– аты-жөнін өзгерту актісі жазбасын өзгертуге, толықтыруға, түзетуге және қалпына келтіруге куәлігі үшін – 0,5 АЕК⠀

Қажет болған жағдайда АХАТ бөлімінің қызметкерлері қосымша құжаттар талап етуі мүмкін.⠀

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары