Атыраулықтар Pfizer вакцинасын салдырып жатыр
Атырау облысында 20 қарашадан бері 1864 адам Pfizer вакцинсын салдырды.
Алматы, NEGE. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар арасында Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналарды салдыруға ынта білдірушілер қатары көбейе түскен.
«Атырау облысында биылғы 1 ақпаннан бері вакциналардың I компонентін 255 372 адам ектірді. Вакциналардың II компонентін алған адамдардың саны 236 307-ге жетті. Ал, 20 қарашада Pfizer вакцинасын салдыру басталды. Содан бері бұл вакцинаны 1 864 адам салдырды. Оның ішінде бала емізіп отырған 964 ана, 96 жүкті әйел мен 12-18 жас
аралығындағы 804 жасөспірім бар», -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.
Қазір Атырау облысында Рfizer вакцинасын алуы тиіс адамдардың санатына 12 мен 18 жас аралығындағы 63 138 жасөспірім енгізілген. Ал, бала емізетін және жүкті әйелдер саны – 35 362. Өңірге Рfizer вакцинасының 32 760 дозасы жеткізілген.
Қазір оқып жатыр
Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр
2,6 млрд теңге субсидия заңсыз алынған: экс-депутаттың ісі сотқа жолданды
«Алтыншы күн қатарынан комада жатыр»: Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады
Қазақстан гуманитарлық көмек ретінде Ресейге 50 мың тонна бензин жіберуі мүмкін