USD
USD
USD

Атыраулық жүргізуші 1,2 млн теңгелік 51 айыппұлын төлемеген

  Атыраулық жүргізуші 1,2 млн теңгені құраған 51 айыппұлын төлемеген.

Атыраулық жүргізуші 1,2 млн теңгелік 51 айыппұлын төлемеген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, айыппұлын төлемей жүрген жүргізуші 25 сәуірде ұсталған. «Атырау қалалық полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері «Іnterceptor» іздеу жүйесі арқылы Махамбет көшесінің бойынан «Chirman» маркалы автокөлігін анықтап, «Батыс-23» экипажының қызметкерлеріне бағыттама берген. Ресей Федерациясында есепте тұрған көлік Құрманғазы көшесінің бойында тоқтатылды. Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің 1 млн 200 мың 075 теңгені құрайтын 51 айыппұлын төлемегені анықталды. Сондай-ақ, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпағаны, міндетті сақтандыру шартын жасамағаны белгілі болды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлімімен (Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес міндетті сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның міндетті сақтандыру шартын жасаспауы) және 593-бабының 2-бөлімімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жүргізушіге 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.  

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек