USD
USD
USD

Атыраулық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанды

Атыраулық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанды.

Атыраулық спортшы Азияның үш дүркін чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 10 қыркүйекте Біріккен Араб Әмірлігінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан Азия чемпионаты басталған. Чемпионат ертең, 17 қыркүйекте аяқталады.

«Азия чемпионатына атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев 56 келі салмақта бақ сынады. Ол Үндістан, Тайланд, Өзбекстан елдерінен келген және қазақстандық спортшылармен кездесу өткізді. Қарсыластарының бәрін ұтқан Жеңіс Азия чемпионатының алтын медалін иеленді. Осылайша, ол Азияның үш дүркін чемпионы атанып отыр» – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Атыраулық спортшы Жеңіс Нұрлыбаев бұған дейін 2018, 2019 жылдары құрлықтық чемпионаттың жеңімпазы атанған.

Еске сала кетелік, бұған дейін атыраулық балуан әлем кубогінің иегері атанғанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық

Genesis көліктерінен өрт шығу қаупі: Қазақстанға қатысы бар ма?

Astana Motors