USD
USD
USD

Атыраулық полицейлер жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізушіні анықтады

Атыраулық полицейлер жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

 Атыраулық полицейлер жыл басынан бері 500-ге жуық мас жүргізушіні анықтады
Фото: NEGE.kz

Атырау,  NEGE.  8 қазан күні сағат 02:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері А.Владимирский көшесінде күдік тудырған Toyota RAV4 маркалы автокөлігін байқап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Бағыттама бойынша аталған көлікті дереу тоқтатқан патрульдік полиция қызметкерлері тексеру кезінде оның 40 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған.

Медициналық сараптаманың қорытындысымен әйелдің жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталған.

Аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама жасақталып, сот шешімімен 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 күнге әкімшілік қамауға алынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері ішімдік ішкен күйде көлік басқарған 500-ге жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы