USD
USD
USD

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 31 қазан күні сағат 14:21 шамасында “102” арнасына Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15 қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған.

Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолында әйнегі бар күйде секіруге оқталып отырғанын анықтап, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берген.

Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальоны қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған.

28 жастағы тұрғын жеке өмірінде түрлі қиындықтар туып, сол себепті секіргісі келгенін жеткізді. Қазіргі таңда азаматша жедел-тергеу тобына тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.