USD
USD
USD

Атыраулық оқушы өсімдіктерден алынатын бояудың жаңа тәсілін ұсынды

Атырау облысы Махамбет ауданындағы Қосарал орта  мектебінің  9 сынып оқушысы  Айнұр  Мұратова «Табиғи индикатор алу  және қолдану» тақырыбында жоба қорғап, жүлделі 1 орынды жеңіп алды, деп  хабарлайды  облыстық  Білім беру басқармасының баспасөз қызметі. 

Атыраулық оқушы өсімдіктерден алынатын бояудың жаңа тәсілін ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Дарын» республикалық-ғылыми  практикалық орталығы ұлы ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің  1150 жылдығын мерекелеу  аясында  оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне  қызығушылығын дамыту мақсатында  8-11 сынып оқушылары арасында  Әл-Фараби атындағы  республикалық ғылыми жобалар байқауы өткізілген болатын. Онда атыраулық оқушының тың тақырыптағы зерттеуі қазылар алқасының көзіне түскен.  

Айнұр Мұратованың ғылыми жетекшісі Сандуғаш Қабазованың  айтуынша, онлайн режимде өткізілген байқауға еліміздің барлық облыстарынан 263 оқушы қатысты.
«Оқушым екеуміз көптен ойымызда жүрген бұрын зерттелмеген тақырыпты алдық. Айнұр зерттеуінде табиғи шикізаттан қолмен алуға болатын индикаторларды (табиғи бояуларды) тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрсетті. Табиғи өсімдіктердердің құрамы қоршаған ортаның әсеріне байланысты түсін жиі өзгеретінін анықтады», - деді ол.  

Ал, Айнұр Мұратованың өзі жасаған зерттеуін алдағы уақытта химия сабағында зерттеу түрінде ғана емес, тұрмыста да қолдануға болатынын  айтып отыр. Сондай-ақ, ыдыс жуғыш «Миф», «Fairy», «АОS», түрлі иіс сабындардың бәрі осындай химиялық әрекеттесу арқылы жүзеге асатынына тоқталды.   

«Тұрмыста кеңінен пайдаланылып жүрген жуғыш заттар химия тілімен айтқанда, сілтілік  және әлсіз сілтілік ортада  жасалады. Сондықтан, табиғи өсімдіктерден бояу алу тақырыбын алдағы уақытта кеңірек зерттей түспекпін. Табиғи өсімдіктердің құрамын, олардан табиғи бояу алу зерттеулері мектеп бағдарламасының 5,6 сыныптың «жаратылыстану», 7 сыныптың «химия»  оқулықтарына енгізілсе, көптеген жас ғалымдар шығар еді», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян