25 Қараша 15:30
...

Атыраулық келіншектер террористік ұйым құрамында болған

Фото:

Олар шетелде халықаралық террористік ұйым қатарында бірнеше лаңкестік әрекеттер жасаған, деп хабарлайды ATPress.kz.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Атырау облысы дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, "Жусан" операциясы аясында жүзге жуық атыраулық елге қайтарылды. Олардың ішінде 80-ге жуығы балалар. Естеріңізге сала кетейік, "Жусан" гуманитарлық операциясы – бұл Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Сириядағы қақтығыс аймақтарынан қазақстандықтарды қайтару жөніндегі ауқымды арнайы операция.

Сириядан оралғандар арасында бірден қамауға алынған бірнеше ер адам болған. Сондай-ақ бірнеше әйел де абақтыға тоғытылды. Жүргізілген тергеулердің нәтижелері бойынша олар төрт жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл әйелдер шетелде халықаралық террористік ұйым жұмысына белсенді қатысқан. Олардың арасында нұсқаушы болып жұмыс істегендер де бар. Кейбір әйелдер кәмелетке толмағандарды террористік ұйымдардың қызметіне тартқаны үшін сотталды.

- Бұл әйелдер сотталып, жазаларын өтеп жатыр. Бірақ олармен онлайн және офлайн режимдегі жұмыс белсенді жүргізілуде, – деді Қ.Көшқалиев.

Тегтер: