USD
USD
USD

Атыраулық кәсіпорынға 37,4 млрд теңге айыппұл салынды

Қауіпті қалдықтар айналымы саласындағы заңдылықтың сақталуына жүргізілген талдау нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды Хабар-24.

Атыраулық кәсіпорынға 37,4 млрд теңге айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Экологиялық рұқсатсыз «Oxygenator» ЖШС «Сағыз» полигонында 13 108 тонна мұнай қалдықтарын жинақтау арқылы Доссорда тұратын 20 мыңнан астам азаматтың денсаулығына тікелей әсер ететін өрескел факт анықталды. Бұдан басқа, полигон аумағында мұнай шламдарын қайта өңдеу бойынша тиісті жабдық болмағанына қарамастан, Серіктестік 2022-2023 жылдар аралығында мұнай компанияларына қызмет көрсетуді жалғастырған.

Осыған байланысты, Атырау облысының прокуратурасы уәкілетті органға тексеру жүргізу тапсырып, оның нәтижелері бойынша Серіктестікке ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабының 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды (қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу).

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 01.11.2023 жылғы қаулысымен Серіктестікке 37,4 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды (қаулы заңды күшіне енді). 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар