USD
USD
USD

Атыраулық азамат 1 келіге жуық есірткімен ұсталды

Атырау облысының 46 жастағы тұрғыны 1 келіге жуық есірткімен ұсталды. 

Атыраулық азамат 1 келіге жуық есірткімен ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. тырау облысының 46 жастағы тұрғыны 1 келіге 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 қараша күні Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ірі көлемде есірткі сақтау дерегін анықтаған.

«Құрманғазы ауданының 46 жастағы тұрғыны өзінің үйінде есірткі шөбін кептіріп, заңсыз сақтаған. Күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын тексеру кезінде 1 келіге жуық марихуанна, арнайы кесіліп дайындалған ыдыс тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Ірі мөлшерде есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран