USD
USD
USD

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы

Атырау қаласындағы Авангард ықшамауданында орналасқан «Мерей» базарының кәсіпкерлері билікке көшіп-қону жағдайына байланысты шағымын жеткізді.

Мерей базары
Фото: Видеодан кадр/instagram.com/atyrauoil.official

Астана, NEGE. Шағын және орта бизнес өкілдері бұл базарда 20 жылдан астам уақыттан бері еңбек етіп келе жатқанын айтады. Олар ұсынылып отырған басқа сауда орнына көшуге қарсы емес екенін, жаңа орында жұмысын жалғастыруға дайын екенін жеткізді. Алайда кәсіпкерлер жаңа аумақта толыққанды жұмыс істеуге қажетті жағдай жасалмағанын алға тартады.

«Таңертең жұмысқа келгенде бутикті ашқызбай, "Мерей" жабылды деген хабар келді. Мойнымызда көп қарыз, кредит бар. Банктерге берешегіміз бар. Бізге басқа базарға барыңдар деп жатыр. Ол жерде орын дайын емес, егер орын дайындап берсе, барамыз», – дейді кәсіпкерлердің бірі. 

Олардың айтуынша, жаңа аумақта қолайлы жағдай қарастырылмаған, кіреберіс жолдар мен көлік қатынасы ретке келтірілмеген, сауда инфрақұрылымы толық дайын емес.

Кәсіпкерлер жергілікті билік өкілдерінен мәжбүрлі қоныс аудару алдында қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасап беруді сұрайды.

Ал «Мерей» базарының басшылығы бұл шешімді сауда орнын жаңарту және жаңа павильондар салу қажеттігімен түсіндіруде.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік

14 қыркүйектен бастап тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың деректері тексерілмек

Отбасы банк

Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев