USD
USD
USD

«Атыраулық хакер» Түркиядан Қазақстанға қайтарылды

Түркиядан Қазақстанға бірнеше алаяқтық қылмысын жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген ер адам депортацияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

.
Фото: Polisia.kz

Астана, NEGE. Күдікті 19 маусым күні елге жеткізілген. Қазір ол Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Күдікті Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

Оны Қазақстанға қайтару жұмысына ҚР ІІМ-нің Түркиядағы өкілі мен Қазақстан елшілігі көмектескен.

Тергеу дерегінше, күдікті 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында ақпараттық жүйелер мен Instagram желісіндегі аккаунтын пайдаланып, Атыраудың екі тұрғынынан 3 млн теңгеден астам ақша алған.

Ол әлеуметтік желіде «Атыраулық хакер» деген атпен танылған. Бұған дейін ол Атырау облысында бір отбасының жоғалуына қатысты видеолар жариялап, өзінше зерттеу жүргізіп жүргенін айтқан.

Атырау облысы полиция департаменті әлеуметтік желіде тараған «хакер жоғалған адамдардың орналасқан жерін өзі анықтады, SIM-карталарды талдап, қаржы қозғалысын тапты» деген ақпаратты жоққа шығарған. Ведомствоның мәліметінше, бұл деректердің бәрін ішкі істер органдары заңды жедел-іздестіру және тергеу шаралары кезінде анықтаған, ал күдікті кейін сол мәліметтерді ғана таратқан.

Кейін Атырау облыстық прокуратурасы оның бірнеше алаяқтық эпизоды бойынша күдікті екенін хабарлаған.

Қазір оқып жатыр

Цифрлық даму министрлігі «Яндекстің» бес компаниясын тексермек

Яндекс

Алматыда сараптамадан өтпеген жол жобасына 202 млн теңге төленген

Жол жөндеу

Азиада алтынынан қағылған Ясмина Тоқсанбаеваға пәтер тарту етілді

Ясмина Тоқсанбаева

Тоқаев «күйсандық», «қылтима» сөздерінің қазақша аудармасына күмән келтірді

Тоқаев